Пробация қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Пробация қызметкерлеріне қатысты немқұрайлылық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Бір күн бұрын Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 13 шілдеде жоғалып кеткен бес жасар қыздың зорлықпен өлім белгілері бар денесі табылғаны белгілі болды. Сол күні полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен бұрын сотталған Г. атты аудан тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Кәмелетке толмаған баланы өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Күдікті Г.-ның 2006 жылы кісі өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылғаны анықталды. 2023 жылдың мамыр айында спирттік ішімдік ішіп отырып, жанжал барысында ауылдасын балтамен ұрғаны үшін сотталған. Сот Г.-ның жәбірленушімен татуласқанын және оның бұрынғы соттылығының жойылғанын ескере отырып, оған пробациялық бақылау орната отырып, үш жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды» деп хабарлады Бас прокуратура.
Бас прокуратура бұл үкімге жазаны қатаңдату және бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы кассациялық наразылық келтірді.
Г.-ның пробациялық бақылауда бола тұра аса ауыр қылмыс жасағаны ескеріліп, пробация қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыстық істі тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауына алынды.
Бұған дейін Түркістан облысында жоғалған бес жасар қызды өлтірді деген күдікті ұсталғаны хабарланған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық