Пригожин вагнерлердің «Ростовқа кіргенін» жариялады
Вагнер жеке-уақытша компаниясының басшысы Евгений Пригожин вагнерлер Ресейдің мемлекеттік шекарасын барлық жерден кесіп өтіп, Ростовқа кіріп жатқанын жариялады.
Бұл туралы Telegram-да Пригожиннің баспасөз қызметі хабарлады. Оның айтуынша, шекарашылар қарсылық көрсетпей, «жалдамалыларды құшақ жая қарсы алған». Сондай-ақ ол Ресей қорғаныс министрлігі орнатқан бақылау-өткізу бекеттеріндегі сарбаздар қарсылық көрсетпегенін алға тартады.
«Жолымызды жабуға жіберілген Қорғаныс министрлігі бөлімшелері, дәлірек айтсақ, әскерге шақырылғандар шетке жылжыды. Біз балалармен ұрыспаймыз. Біз балаларды өлтірмейміз. Шойгу балаларды өлтіріп, дайындықсыз сарбаздарды, соның ішінде әскерге шақырылғандарды соғысқа жібереді. Егер біреу кедергі келтірсе... Біз жолдағының бәрін құртамыз. Біз бәріне қол жеткіземіз. Біз тоқтамаймыз. Соңына дейін барамыз», - деді ол.
Содан кейін Пригожин Бас штаб бастығы ұшақтарды көтеріп, бейбіт көліктер мен жүк көліктері арасындағы колонналарға оқ атуға бұйрық бергенін айтты.
«Мен осындай бұйрықты орындаудан бас тартқан ұшқыштарға алғыс айтқым келеді», - деді Вагнер басшысы.
Ал Ростовқа баратын жолды әскери техника жартылай жауып қалған. М4 күре жолында екі бағытта да кептеліс бар.
Ростов облысының губернаторы тұрғындардан үйде отыруды сұрады.
«Қазіргі жағдай тәртіпті сақтау үшін барлық күштердің барынша шоғырлануын талап етеді. Құқық қорғау органдары аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасауда. Барлығына сабыр сақтап, үйден қажетсіз шықпауды сұраймын» деп жазды Голубев өзінің Telegram-каналында.
Мәскеуге кіре берістерде көлік қозғалысы бәсеңдеген. Онда патрульдер құжаттарды тексеру үшін жүргізушілерді тоқтата бастады. Куәгерлердің айтуынша, олар көліктерді іріктеп тексеріп жатыр. Жүк көліктеріне ерекше көңіл бөлінуде.
Мәскеудің орталық көшелерінде ауыр әскери техникалар пайда болды. БТР Мемлекеттік Дума мен Кремль жанында шоғырланған.
Вагнер компаниясынң негізін қалаушы Евгений Пригожин 24 маусымға қараған түні Ресей Қорғаныс министрлігін жалдамалылар позицияларына шабуыл жасады деп айыптаған бірнеше аудио хабарлама жариялады. Ол «біз 25 мыңбыз, елде неліктен хаос болып жатқанын анықтаймыз» деді. Пригожиннің айтуынша, оның компаниясы «елдің әскери басшылығы көтеріп отырған зұлымдықты тоқтатуды» жоспарлап отыр.
Ресей Федерациясының Ұлттық терроризмге қарсы комитеті бұл мәлімдемелерге байланысты қарулы көтеріліске шақыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Путинге жағдай туралы хабарланды.
Мәскеуде қауіпсіздік шаралары күшейтілді, барлық маңызды нысандар, мемлекеттік органдар мен көлік инфрақұрылымы нысандары күшейтілген күзетке алынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық