Президенттің немере інісін үйқамаққа жіберді
Фото: kabar.kg
Қырғызстан президентінің немере інісі Ұлан Жапаров үйқамаққа жіберілді, деп хабарлайды Orda.kz «Kaktus Media» порталына сілтеме жасап.
Ұлан Жапаров алғаш рет 2023 жылдың маусым айында ұсталған болатын. Ішкі істер министрлігі оны кедендегі коррупциялық схемаларға қатысы бар деп күдіктенген. Төрт айдан соң, ол үйқамаққа жіберілді.
Алайда биылғы жылдың шілде айында Ұлан Жапаровты қайтадан Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстады. Бұл жолы оны ауыр қылмыс жасап, ірі көлемде материалдық зиян келтірді деп айыптап отыр.
«Kaktus Media» ақпарат көздерінің мәліметі бойынша, Ұлан Жапаров біреуге Қырғызстан президентінің облыстағы өкілі қызметін уәде етіп, 100 мың доллардан астам сыйақы алған, бірақ уәдесін орындамаған.
Ұлан Жапаров — Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың туған ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.
Жаңалықтар
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады
- Қазақстандағы қылмыстық криптоағындарға соққы: 9,7 млн USDT бұғатталды
- Жамбыл облысында 28 этнос өкілдері қауіпсіздік жолында қызмет етіп жүр
- Түркістан облысындағы «Қыран» футбол клубы қызметкерлеріне 100 млн теңгеден астам қарыз
- 12 күдікті ұсталды: Алматыда жасөспірімдер арасында төбелес болып, екі адам қаза тапты
- «Союз-5» зымыраны «Бәйтерек» кешенінен алғаш рет ұшырылды
- Тоқаев қазақстандықтарды халықтың бірлігі күнімен құттықтады
- Енді жолдағы шұңқырлар мен жарықтарды дрондар анықтайды — көлік министрлігі
- Қарағандыда жалған ақшамен сауда жасаған әйел ұсталды
- Тоқаев Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровпен кездесті
- Тоқаевтың экс-кеңесшісін өлтірген адам 11 жылға сотталды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Сараптама айыпталушыны есі дұрыс деп таныды
- Алматыда елдегі алғашқы крематорий іске қосылды