Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев неге мемлекеттік тілден емтихан тапсырмайды?
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік (қазақ) тілді еркін меңгергенін тексеретін емтиханды неге тапсырмайды деген сұраққа жауап берді.
— Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 54-бабының 2-тармағына сәйкес кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін белгілеу тәртібі кандидатурасы келесі өкілеттік мерзіміне ұсынылған қазіргі президентке қолданылмайды, - деп түсіндірді М.Ерман баспасөз мәслихаты барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының ОСК Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңы бойынша оған қойылатын талаптарға сәйкес келетінін анықтаған болатын.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне тағы бір үміткер Мейрам Қажыкен мемлекеттік тілді меңгергендігін анықтауға арналған емтиханды сәтті тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық