Президенттікке экс-үміткер «билікті төңкермек болды» деген айыппен абақтыға қамалды
Фото: Asiaplustj.info
Тәжікстан Демпартиясының бұрынғы басшысы және президенттікке кандидат болған Саидджафар Усмонзода «Тәжікстан билігін төңкермек болды» деген айыппен абақтыға қамалды.
Бұл туралы «Азия-Плюс» радиосы хабарлады.
Бас прокурордың айтуынша, 2021 жылы қыркүйек айында Усмонзода «Паймони миллии Тәжікстан» атты террористік ұйымның басшысы Гадоевпен мемлекетті басып алу жайлы кеңескен. Сондай-ақ, Гадоев қаржылық көмек пен үш мыңнан астам содырларды шетелден Тәжікстанға әкелуге уәде берді. Усмонзода ел ішінен де, шетелден де жақтастарын тартып, оларға белгілі бір тапсырмалар беріп отырған. Осы қылмысқа, яғни ереуілге шыққандарға ақша төлеу үшін Усмонзода шет мемлекеттердің бірінің өкілінен 10 млн доллар сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, 11 мамырда партияның 18-ші кезектен тыс съезінде Саидджафар Усмонзода «көңіл толтырарлықтай қызмет атқара алмағанына» байланысты партия төрағасы қызметінен шеттетілді, ал оның орнына Шахбоз Аброр сайланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық