Президенттік жастар кадрлық резервіне құжат қабылдау аяқталды
Президенттік жастар кадрлық резервіне 50 орынға 30 мың өтініш түсіп, бірінші тестілеуге 6404 қатысушы жіберілді.
Қазақстанда Президенттік жастар кадрлық резервіне үшінші іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталды. Бір ай ішінде жобаның ресми сайтында 30 мыңнан астам адам тіркеліп, оның 6404-і
«Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» тестінен өтуге рұқсат алды, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.
Резервке іріктеу алты кезеңнен тұрады: құжаттарды қабылдау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, ситуациялық есептерді шешу, құзыреттерді бағалау (бағалау орталығы және құзыреттілік сұхбаты), сарапшылық комиссиямен әңгімелесу және Ұлттық комиссия отырысы.
Президенттік жастар кадрлық резерві – мемлекеттік басқару жүйесіне шығармашыл және бастамашыл жастарды тартуға бағытталған жоба.
Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам резервке алынады. Жеңімпаздардың есімдері желтоқсан айында белгілі болады.
Жаңалықтар
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды