Президенттік жастар кадрлық резервіне құжат қабылдау аяқталады
Сурет ашық дереккөзден
Бұған берілген мерзім бүгін түн жарымда аяқталады, деп еске салды Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.
Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімінің аяқталуына аз уақыт қалды: ол ұйым сайтында 30 қыркүйек күні сағат 23:59-ға дейін болады.
1 қыркүйекте Президенттік жастар кадрлық резервіне үшінші іріктеу басталды. Оған кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді білуі В1 деңгейінен кем емес 35 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары қатыса алады.
Мемлекеттік тілді білуге тест тапсыру үшін үміткерлер Qazaq Resmi Test промо-кодын (онлайн) сағат 13.00-ге дейін, тестілеуді тапсыру үшін – 30 қыркүйек күні сағат 17.00-ге дейін пайдалана алады.
Іріктеу шарттарына сәйкес үміткерлер 30 қыркүйекке дейін барлық құжаттарды жүктеп салып, 1 қазанда өтетін «Тестілеу – мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» іріктеу кезеңіне жазылуы тиіс.
Тестілеуге тіркелу 30 қыркүйек сағат 23.59-ға дейін ашық болады. Қатысушылар ұсынылған опциялардан уақыт таңдауы керек. Тестілеу прокторинг жүйесі арқылы онлайн режимде өтеді, сонымен қатар аудио және бейне жазбалар болады.
«Қатысушыларға тестілеу кезінде жұмыс орнынан шығуға немесе біреумен келіссөздер жүргізуге, электронды құрылғыларды, ұялы телефондарды және басқа да электрондық жабдықтарды, құлаққаптар мен қағаз тасымалдағыштарды пайдалануға және қабылдауға қатаң тыйым салынады» деп ескертілді.
Қатысушыларға қажеті:
· Chrome браузері бар компьютердің/ноутбуктің болуы;
· жылдамдығы кемінде 5 Мб/сек тұрақты Интернет;
· жұмыс істейтін веб-камера және микрофон,
· жақсы жарық пен шуы жоқ орын.
Тестілеу ұсынылғандардың бір дұрыс жауабы бар 25 тест тапсырмасын қамтиды. Тест ұзақтығы 25 минуттан аспайды. Бұл блоктағы нәтижелер автоматты түрде есептеледі және тестілеу аяқталғаннан кейін бірден компьютер мониторында көрсетіледі.
Сіз жинаған ұпайлар сіздің жеке кабинетіңізде «Ескертулер» бөлімінде көрсетіледі. Тестілеудің соңғы нәтижелері үміткерлердің жеке кабинетінде және веб-сайтта қолжетімді болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық