Президенттік сайлауға түскен Рақымбековтің қызы әкесінің өзін зорлағанын мәлімдеді
Фото: instagram/ aybota_rakhimbekova
Айбота Рақымбекованың сөзінше президенттікке кандидат болған әкесі Төлеутай Рақымбеков зорлап, алдап мүлкін тартып алған. Бірнеше жыл бойы қызы әділдікке жете алмай отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Айбота Рақымбекованың мәліметінше, 2006 жылы 10 жасында экс-депутат Төлеутай Рақымбеков қызды зорлаған. Мұндай жағдай екі рет болған дейді қыз. Сосын анасынан қалған мұраның бір бөлігін заңсыз тартып алған. Қазір де ол 1,5 жасар баласымен бірге дағдарыс орталығында тұрады.
«2002 жылы мені Төлеутай Рақымбеков пен Салтанат асырап алды. Мен оларды өзімнің нағыз отбасым деп білдім. Алайда 2006–2007 жылдары Рақымбеков зорлық көрсетті. Менің есейіп, бұл туралы айтып қоюымнан қорқып, 2013 жылы ол мені үйден қуып шықты. Содан кейін біз 2020 жылдың тамыз айында анам Салтанат қайтыс болғанға дейін жеті жыл бойы сөйлеспедік. Мен сол жылдары туыстарымның қолында тұрдым».
Айбота Рақымбекованың айтуынша, экс-депутат Рақымбеков 2019 жылы президенттік сайлауға түсер алдында Айботадан тегін өзгертуді талап еткен. Бұл әрекетінің себебі өгей қызы наркологиялық есепте тұрған.
2020 жылы қыздың анасы Салтанат қайтыс болғаннан кейін әкесі Төлеутай Рақымбеков кенеттен асыранды қызына деген қарым-қатынасын түбегейлі өзгерткен. Бұған дейін жеті жыл бойы араласпаған Айботаға қамқорлық танытып, үйге оралуын өтініп, әкелік мейірім көрсеткендей болады. Алайда, кейін белгілі болғандай, бұл мейірімнің артында мүлде басқа мақсат жатқан.
Марқұм Салтанаттың артында миллиондарға бағаланған мүлік қалған. Заң бойынша, асыранды қызы мұраның үштен бір бөлігін алуға тиіс еді. Бірақ Төлеутай Рақымбеков оның туған қызы еместігін ескеріп, үлестен айыру үшін айла жасаған.
«Ол маған туыстары анамның мүлкін тартып алды деп, алдағы уақытта сотқа беретінін айтып, алдады. 2020 жылдың 21 қыркүйегінде, «сотқа қажетті құжатқа қол қою керек» деген сылтаумен, Төлеутай Рақымбеков мені өзінің нотариусына алып барып, менің есірткі әсерінде жүргенімді пайдаланып, мұрадан бас тарту туралы өтінішке қол қойдыртты. Кейін мұрагерлік құқықты рәсімдеген соң, ол жас әйелге үйленіп, мені үйден қайта қуып шықты. Сөйтіп, мен үйсіз-күйсіз, күнкөріссіз далада қалдым».
2023 жылы ол құқық қорғау органдарына шағым түсіріп, ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында сот Айботаның жазуына және кешенді сот-медициналық сараптама жүргізді. Сараптама қорытындысы бойынша, мұрадан бас тарту туралы өтінішке қол қойылған сәтте азаматша өзінің әрекеттерін толық түсініп, басқара алмағаны дәлелденді. Осылайша, қылмыстық құқық бұзушылық нақты анықталды.
Алайда, іс сотқа әлі жолданбай отыр. Қадағалаушы прокурорлар тергеу қорытындыларын назарға алмай, 2022 жылғы азаматтық сот шешіміне сүйеніп отыр.
Ол шешім тек қол қойғанын растаған және алдаудың бар-жоғын тек қылмыстық іс аясында ғана дәлелдеу қажеттігі айтылған.
Жаңалықтар
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады