Президенттің тыйым салғанына қарамастан елордада жеңіс шеруі өтті
Ондаған адам мінген жүк көліктері «Берлинге!» деген жазуы бар баннерді салтанатпен алып жүрді. Мерекелік концерт ел астанасы - Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен өтті.
Бұл туралы Orda.kz. хабарлайды.
Таңертеңгі сағат 11-де концерттік жабдықтары мен сахнасы бар автокөлік қала астана даңғылдары бойымен мерекелік шеруге шықты.
Ұйымдастырушылар концерттік бағдарламаның басты ерекшелігі — Сүндет Байғожин, Сүлеймен Ибрагимов, Ринат Малцагов, Айнұр Абдиева, Дәурен Оразбеков, Moon-Ai дуэті және басқа да танымал орындаушыларының «соғыс жылдарындағы музыкалық шығармаларды жанды дауыста орындауы» деп мәлімдеді.
Сол жылдардағы атмосфераны көрсететін қойылымда ретро-көліктердің тізбегі қала тұрғындары мен қонақтары үшін тосын сый болды. Әлеуметтік желілерде тұрғындар шеру туралы: «маска киген бірде-бір адамды көрмедік, санитарлық нормалардың өрескел бұзылғандығын айтпағанның өзінде, жолаушыларды тасымалдаудың барлық ережелерін сақталмаған» деп жазды.
Әкімдік «концерт барлық санитарлық стандарттарға сәйкес өтеді, көрермендердің жаппай жиналуына жол берілмейді, әлеуметтік арақашықтық сақталады және концертке қатысатын әртістердің барлығы ПТР сараптамасынан өтті» деп жариялаған болатын.

Жақында Президент елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жеңіс күніне арналған барлық мерекелік шаралардан бас тарту туралы шешім қабылдады.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли дәстүрлі мерекелерді келесі жылға «қалдыру» туралы шешім қабылдағанын жариялады.
Ол Мемлекет басшысы жеңіс күні ел тұрғындарын құттықтайтынын және барлық Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілетіндігін атап өткен болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық