Президенттен сөгіс естіген министр баспасөз мәслихатында жауап берді
Фото: Ашық дереккөзден
Бүгін Баспасөз мәслихатында су министрі тасқынға байланысты жауап қатты, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Жиында Су және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке «Сізді Жамбыл облысы әкімі болғаннан бері жақсы білеміз. Ол жақта да өзіңіз іскер әкім ретінде көріне қойған жоқсыз. Су министрі ретінде лауазымды қызмет атқарып жатырсыз. Кеше президенттен сөгіс естідіңіз. Сіз өзіңізді Су министрі болуға лайықтымын деп есептейсіз бе?» деген сұрақ қойылды.
«Өзіңіз дұрыс айттыңыз. Бүгінгі күні Президент тарапынан тәртіптік жауапкершілікке тартылдық. Ары қарай осы жұмысқа лайықты немесе лайықты емес екенім туралы Президент шешім қабылдайды. Жұмысты қалай атқарып жатқанымызды Президент бағалайды.
Бүгінгі күні министрліктің жұмысы төтенше жағдайға байланысты, оның салдарын жоюға бағытталып отыр. Алты ай ішінде құқықтық базаны қалыптастырдық. Бүгінгі әр жергілікті атқарушы органмен қандай жұмыстарды атқаруымыз керек, қай көлемде екені жайлы жоспарларымыз бар. Алты айдың ішінде сол ауқымды жұмыстарды атқаруға ешқандай мүмкіндік болған жоқ. Қыркүйек айынан бастап осы бүгінгі күнге дейін мүмкіндік болмады.
Бүгінгі күні 20 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Мен баяндамада айтып кеткендей, 9 су қоймасының жобалаушы жоспарлары дайындалып жатыр. Алтауы бірінші жарты жылдықта дайын болады. Одан бөлек 15 қорғаныста бар гидротехникалық құрылғылардың қайта жөндеу жұмыстарын қарастырып жатырмыз. Осы жұмыстардың арқасында 134 елді-мекеннің жалпы халықтың саны екі жүз мыңнан асатын су қоймасының қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Әрине, оған уақыт керек. Сол жұмыстарды жеделдетуге күш салып жатырмыз», – деді ол.
Айта кетейік, Нұржан Нұржігітов күні кеше прездиенттен сөгіс алған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық