Президентке Бозжыра демалыс орнын салуға қолдау көрсетілген хат жолданды
Маңғыстау облысының зиялы қауым өкілдері ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бозжыра аумағындағы, бұған дейін халық арасында дау тудырған жаңа туризм жобаларын қолдайтындықтарын айтып хат жазды.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
«Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Біз, маңғыстаулық зиялы қауым өкілдері, ата–бабаларымыздың және келешек ұрпағымыздың алдындағы міндеттер мен жауапкершілігімізді сезіне отырып, Өзіңізге үндеу жолдаймыз. Маңғыстау өңірі – Қазақстандағы туризмді дамытуға қолайлы аймақтардың бірі екендігімен әйгілі. Биыл теңіз жағалауында бес жұлдызды Rixos қонақүйінің ашылуымен, өңірге келген туристер саны арта түсті. Келген саяхаттаушылар Маңғыстаудың табиғи жерлерін де аралап, әсіресе Бозжыра шатқалына қызығушылық танытуда. Өзіңізге белгілі, инвесторлар тарапынан Бозжыра аумағында жаңа туризм нысанын салуға ұсыныс түсіп, бүгінгі таңда қоғамда қызу талқылану жүргізілуде» , деп жазды зиялылар.
Хатта қасиетті қанмен қорғалған киелі топырақтың құтын қашыруға жол бермейтіндіктерін. «Жабайы» туризмге тоқтау салынып, табиғатқа зиян келтірмей, қасиетті жерді ұрпаққа аманаттау қажеттігі қозғалған.
«Сондықтан, Сіздің тапсырмаңыз бойынша арнайы ғалымдардан құралған топ Бозжыра аймағына, оның флорасы мен фаунасына зиян келтірмейтін жобаны іске асыруға болады деген қорытындыға келді. Бұл шешім халықтың жүрегіне жол тапқаны сөзсіз», - делінген ұндеу-хатта.
Зиялалар жобаның өңірдің дамуына оң ықпалын тигізетіндігіндігіне сенімді.
«Біріншіден, мұнайға ғана тәуелділікті жойып, туризмді дамыту арқылы экономикамызды өркендетеміз. Шағын және орта бизнестің дамуына, жергілікті азаматтардың жұмыспен қамтылуына жол ашамыз. Қонақ үй құрылысы жұмысы басталса, осы маңдағы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар.
Екіншіден, бұл кешен туристердің Бозжыраға өз бетінше бейберекет барып, табиғатқа орасан зиян келтіруіне тосқауыл болады.
Сондықтан, бұл аймаққа баратын жол салып, туристердің жайлы демалуына жағдай жасалуымен қатар, заңнамалық актілермен тиісті Қағидалардың бекітілуіне сенімдіміз. Яғни, Бозжыра аумағында салынатын туризм инфрақұрылымы табиғатты қорғау, сақтау және жергілікті тарихи-табиғи орындардың сакральдылығын сақтау, жергілікті діл, таным-ғұрыптық құндылықтарымызды ескере отырып, өркениетті жолмен туризм мәдениетін қалыптасқанын қалаймыз!», - дейді маңғыстаулық зиялы қауым өкілдері.
Олар бұл бастаманың қоғамда кең талқыға түсуі ашық мемлекеттің нағыз көрінісі екенін айта келе, жоба Маңғыстау аймағында жаңа жұмыс орындарының ашылатындығын қолдайды.
«Мәртебелі Президент мырза!
Соңғы айларда Бозжыра Маңғыстаудың ғана емес, тұтас елдің бас тақырыбына айналды. Сан түрлі пікір, жан-жақты ой айтылуда. Бірнеше айдан бері талқыланып, баспасөз бетінде талай жазылды. Дұрыс, бұл – қоғам талабы әрі өзіңіз айтқан ашықтықтың нағыз көрінісі деп білеміз.
Ендігі кезекте ел болып, ортақ шешім қабылдап, нүктесін қоятын кез келді деп ойлаймыз. Елдігіміз бен ауызбіршілігіміз осындайда сыналады.
Халықтың пікірін естіп, жоба жан-жақты зерттеліп, зерделенгеннен кейін ғана іске асыруға шешім қабылдағаныңыз үшін Өзіңізге зор алғыс айтамыз!
Жобаның сарапшылар, қоғамдық кеңестер мен жауапты сала жетекшілерінің ой-пікірлерін ескере отырып жүзеге асырылатындығына сенеміз.
Бозжыраның сақталуы біз үшін болашақ ұрпақ алдындағы парыз, сондай-ақ, бұл жоба елдің дамуы үшін керек!Маңғыстаулықтар мамандармен тыңғылықты талқыланған, сарапталған, нақтыланған жобаның іске асырылуын дұрыс деп біледі және қолдайды!», - деп аяқталады үндеу-хат.
Президентке ұндеу жасағандардың ішінде ҚР жазушылар Одағының мүшесі, жазушы Бектұр Төлеуғалиев, ақын Светқали Нұржан, депутат Еділ Жаңбыршин, ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сабыр Адай, ҚР экология саласының үздігі Орынбасар Тоқжанов сынды зиялы топ өкілдері бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық