Президентке «АрселорМиталл» -дың 2021 жылға арналған жоспары баяндалды
Кездесу аясында өндірістерді жаңғырту, экологиялық ахуалды жақсарту, өндірілетін өнім түрлерін кеңейту мәселелері талқыланды.
Бейнебайланыс форматында өткен кездесуге Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы өндіріс қуатын жаңғыртуға және арттыруға тартылатын инвестициялар көлемін ұлғайту қажеттігін айтты. Кеме жасау, автокөлік өнеркәсібі және электротехникалық өндіріс салалары бойынша жаңа тауарлар шығару маңызды міндет болуы керек екендігіне де көңіл бөлінді.
Әңгімелесу барысында тараптар атмосфераға бөлінетін қалдықтарды азайту, оның ішінде, агроөнеркәсіпте, конверторларда, коксохимиялық өндіріс пен ЖЭО-2-де экологиялық жабдықтарды жаңғыртуға қатысты компанияның жоспарларына ерекше назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев өндірістегі жарақат алу жағдайларын азайту, компанияның шетелдік және отандық жұмысшылары арасындағы еңбекақы көлемінің алшақтығына жол бермеу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық