Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес: тізімде кімдер бар?
Фотоколлаж: Ашық дереккөздегі суреттерден құрастырылды
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Қазақстан президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамын жариялады. Желідегі парақшасында хабарлаған тізімде бірқатар елге танымал жастар да бар.
Тізімде Қаңтар қырғыны кезінде белсенділік танытқан кәсіпкер Дамир Аманжолов пен «Ирина Кайратовна» тобының режиссері Қуаныш Бейсеков бар. Сонымен қатар, журналист, экономист Дәулет Мұқаев та құрам қатарына қосылған. Қариннің айтуынша, құрамға кіргендердің барлығы жастар арасында бедел мен сенімге ие жандар.
«Құрамға қоғамдық белсенділер, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер, өңірлердің, ауыл және шығармашыл жастардың өкілдері, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері, президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері, жастар ұйымдарының көшбасшылары кірді.
Олардың барлығы өз саласының танымал кәсіпқойлары, өзекті жастар проблемаларымен жақсы таныс, жастардың әртүрлі санаттары арасында беделге және сенімге ие» делінген Қаринның жазбасында.
Сондай-ақ, Қарин жаңа құрамның атқаратын қызметі туралы да жазбада түрте кеткен.
«Жаңа команда жастар саясатын жетілдіру бойынша тұжырымдамалық құжаттар мен практикалық ұсынымдар дайындауға қатысатын болады. Жақында біз кеңес мүшелерімен ZOOM-кездесу өткіздік, жақын арадағы жоспарлар мен жұмыс форматын талқыладық. Ел дамуының жаңа кезеңінде кеңес жастардың күн тәртібін жүйелі ілгерілету және қазақстандық жастардың проблемаларын кешенді шешу үшін пәрменді алаңға айналады деп сенемін» деп жазды мемлекеттік хатшы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық