Президент үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді
Фото: primeminister.kz
2026 жылғы 10 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Аталған ақпаратты Ақорда баспасөз қызметі растады.
«10 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді. Іс-шара барысында 2025 жылғы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған үкіметтің негізгі міндеттері айқындалады» деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Премьер-Министр Олжас Бектенов кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша олардың ұсыныстарын тыңдаған болатын.
Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында үкіметтің экономиканың бірқатар салаларындағы жұмысы туралы сыни пікір айтып, кадрлық шешім қабылдауға уәде берген болатын.
Оқи отырыңыз:
- Үкімет инфляциямен күрес шараларын талқылады: салық бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруға уәде берді
- Үкімет Арқалықты құтқару үшін 250 млн теңге бөлді
Жаңалықтар
- 3 сәуірде Астана уақытымен 21 сағат 13 минутта жер сілкінісі тіркелді
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті
- 240 мыңнан астам мұғалім ЖИ қолданып үйренді: Тоқаев Сүлейменоваға міндет жүктеді
- Ақтөбе облысында жұртты қорқытып, бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
- Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
- Никаб киюге шектеу: Заң қалай жұмыс істеп жатыр?
- Президент өкімімен әскери қолбасшылар тағайындалды
- Алматыда жасөспірімдерге тиісіп, көшені шулатқан тәжік балалары ұсталды
- Мәскеу — Челябі бағытымен жүретін пойыздың жеті вагоны рельстен шығып кетті
- Иран АҚШ-тың нысанаға алынуы мүмкін кемелерінің тізімін жасады
- 200 млн-ға жуық заңсыз табыс: Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырған бір топ адамға үкім шықты
- Жамбыл облысында сарбаздың қазасына қатысты командирді тергеу аяқталды
- Трамп Макронның әйелімен қарым-қатынасы туралы әзілдеймін деп сынның астында қалды
- Ғашықтар туралы қазақстандық үздік 5 фильм