Президент ұлықтау рәсімінен кейін бірден бес жарлыққа қол қойды
Orda.kz коллажы
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінен кейін бірден бес жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, Қазақстан Парламенті депутаттарын сайлау 14 қаңтарда өтеді.
Қол қойылған қаулыға сәйкес, 2023 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді. Конституциялық мерзімнің 2023 жылы аяқталуына байланысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Жарлыққа қол қойылды.
Енді ел үкіметі де, қала, облыс әкімдері де алдағы күнге дайындалуы керек.
Сонымен бірге, бүгін Тоқаев «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы», «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы», «Баршаға арналған — Әділ Қазақстан. Қазір және мәңгілік», «Заңсыз алынған активтерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары туралы», «Қазақстан Республикасы Жоғарғы есеп палатасының кейбір мәселелері туралы» барлығы бес жарлыққа қол қойды
Барлық қаулылар қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Қасым-Жомарт Тоқаев қаулылар елдегі жағдайды жақсартуға арналғанын атап өтті.
— Біз әділеттілікті қалпына келтіріп, елден заңсыз шығарылған барлық активтерді қайтаруымыз керек. Осы мақсатта Үкімет заңсыз әкетілген капиталды қайтарудың қажетті рәсімдерін реттейтін заң жобасын дайындайды. Сондай-ақ заң жобасы активтерді әділетсіз баюға және заңсыз алып қоюға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға бағытталатын болады, - деді ол қол қойылғаннан кейін.
Қазақстан Президенті еліміздің «ұлттық мүдделерді қорғауға бағытталған теңгерімді, сындарлы сыртқы саясатын одан әрі жүзеге асыратынына сенімді. Көрші мемлекеттермен – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азиядағы бауырлас елдермен, интеграциялық бірлестіктердегі серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестік мәселелеріне басымдық берілмек. Ол енді мемлекеттік қызметке жаңа басшылар тартылатынын да түсіндірді.
«Біз мемлекеттік қызметке меритократия және ашық бәсекелестік қағидаттары бойынша іріктеуден өткен нақты сектордан жаңа менеджерлерді тартамыз. Біз Президенттік кадрлық резервтің мүшелерін белсенді түрде тартамыз. Біздің басты байлығымыз – адамдар»
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық