Президент Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады

cover

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 30 жылдығына орай «Орталық Азия – Қытай» саммитіне онлайн режимде қатысады.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, «Орталық Азия – Қытай» саммиті дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орайластырылып, 25 қаңтарда өтеді.

«Онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болды. Көшбасшылар түрлі салалар бойынша Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көпжақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылайды.

Іс-шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты Бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған» деліген Берік Уәлидің Facebook парақшасында жарияланған хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар