Президент сайлауына 20,5 млрд жұмсалады
Сурет ашық дереккөзден
ОСК жұмсалатын қаржының неліктен екі еседен астам өскенін түсіндірді.
2022 жылы кезектен тыс президент сайлауын өткізуге бюджеттен 20,5 миллиард теңге бөлу жоспарлануда. 2019 жылы бұл іске 9 млрд теңге кеткен болатын. Жұмсалатын қаржының артуы елдегі ең төменгі жалақы мөлшерімен байланысты.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының 70 мың мүшесіне жалақы төленуі тиіс екенін айтты. Жалақы қоры ең төменгі жалақымен байланысты. Ол 2019 жылы 42 мың 500 теңге деңгейінде болса, биыл 60 мың теңгеге өскен.
— Осы сайлау науқанының бюджетіндегі үлкен секіріс кез келген науқанға арналған бюджеттің 80 пайызын құрайтын жалақы қорына байланысты. Бүгінге дейін біз Қаржы министрлігіне сайлау науқанын өткізуге шамамен шығындар сметасын бердік, қазір 20,5 млрд теңгені талқылау үстіндеміз. Біз сондай-ақ сайлау жәшіктерін сатып алу үшін, соның ішінде жаңа аймақтар мен жаңа сайлау учаскелерін құруға байланысты белгілі бір қаражат сұрадық, - деп түсіндірді Сәбила Мұстафина.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан президенттігіне кезектен тыс сайлауда кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазанда 18:00-де аяқталатынын мәлімдеген болатын.
2022 жылғы 21 қыркүйекте Мемлекет басшысы кезектен тыс Президент сайлауын 2022 жылғы 20 қарашаға белгілеу туралы Жарлыққа қол қойды.
— Жолдауымда мен жақын арада жүзеге асырылатын бірқатар ауқымды әлеуметтік-экономикалық шараларды жария еттім. Жақында жұртшылық назарына ұсынатын Сайлауалды тұғырнамада әлеуметтік-экономикалық прогреске қол жеткізуге бағытталған тың бастамалар айқындалады. Қазіргі мемлекет басшысы ретінде мен сайлау науқанының заңға сәйкес қатаң түрде өтуіне, оның әділ, ашық және отандық және халықаралық байқаушылардың кеңінен қатысуымен өтетініне кепілдік беремін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық