Президент сайлауы: ОСК бірнеше кандидатты тіркеуден бас тартты

cover

Орталық сайлау комиссиясы бірнеше үміткерді президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартты. Олар: Хайрулла Ғабжәлілов, Талғат Ерғалиев және Фатима Бизақова.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров кандидаттардың Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінін хабарлады.

ҚР Президенттігіне кандидат Фатима Бизақова Конституциялық заңның 54-бабында көрсетілген талаптарға сай келмейді. Фатима Бизақованы Тәжірибелік психология қоғамдық бірлестігі ұсынған еді.

Хайролла Ғабжәлілов (Оралмандарың Асар бірлестігі) пен Талғат Ерғалиевтің (Қазақстан құрылысшылар одағы) кандидатурасы да заң бойынша президенттікке қойылатын талаптарға сәйкес келмеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар