Президент қызметіне арналған телебағдарлама көрсетіледі

cover Фото: ашық дереккөз

«Хабар 24» телеарнасында «PRESIDENT» телебағдарламасы көрсетіледі, бағдарлама мемлекет басшысының күнделікті жұмысы туралы. Бұл туралы «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәли мәлімдеді.

– «Хабар 24» арнасының жаңа телемаусымдағы тағы бір жаңа жобасы Мемлекет басшысының қызметіне арналады. Президенттің жоғары деңгейдегі кездесулері, өңірлер мен сырт елдерге сапарлары, маңызды жиындарда айтқан бастамалары туралы жан-жақты мәлімет беріледі. Күнделікті жаңалықтарда көрсетіле бермейтін эксклюзивті кадрлар мен диалогтар да осы бағдарламада болады. Оны алғашқы шығарылымнан-ақ аңғарасыздар. Алғашқы шығарылым Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға ресми сапары жайында болмақ.  Баку сапары туралы айтатын тың ақпарат мол, – деп жазды Берік Уәли.

Бағдарламаны «Хабар 24» арнасының арнайы тілшісі Әділ Балтабаев жүргізеді. «PRESIDENT» арнайы жобасын әр жексенбі күні сағат 20:30-да көрсетіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар