Президент Олжас Бектеновке экономикалық реформаларды іске асыру үшін тапсырма берді
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Президент Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін азаматтардың мүддесін ескере отырып реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.
Сонымен қатар, Үкіметке еліміздегі экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізу және қажетті шешімдер қабылдау міндеті жүктелді. Мемлекет басшысы Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлерінің Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сәйкес екенін және жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістерді ескере отырып жасалғанын атап өтті.
Айта кетейік, «Алматыметроқұрылыс» АҚ басқармасының төрағасы, кәсіпкер Қайрат Реимов Orda.kz басылымының бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға берген сұхбатында Қытай мен еліміздің шекарасында салық жинайтын топтың қалай құрылғанын баяндады. Сонымен қатар бизнеске салмақ түсіретін жайттарды айтып, Тоқаевқа кеңес берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық