Президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса, билік қалай әрекет етеді?
Фото: gov.kz
Президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда қолданылатын тәртіпті әділет министрлігі түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Астанада Конституциялық реформалар бойынша түскен ұсыныстарды талқылауға арналған Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев президент қайтыс болған жағдайда қандай іс-қимыл алгоритмі ұсынылатынын айтты.
Ұсынысқа сәйкес, вице-президент өтпелі кезеңде биліктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті легитимділігі бар жария лауазымды тұлға ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, демократиялық рәсімді іске қосуда негізгі рөл Құрылтайға беріледі.
«Демократиялық билік сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында президенттің мерзімінен бұрын қызметтен босатылуы, қызметінен кетуі немесе қайтыс болуы жағдайында 7 күн ішінде Құрылтай президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдайды. Ал сайлау Құрылтай шешім қабылдаған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі», - деді Сәрсембаев.
Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздікті, қаржылық тұрақтылықты және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге тікелей қатысы бар мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын президенттің жеке өзі тағайындауы ұсынылады. Атап айтқанда:
• Бас прокурорды;
• Конституциялық соттың төрағасын;
• Қарулы күштер, мемлекеттік күзет және ҰҚК басшысын;
• Жоғары аудиторлық палата мен Орталық сайлау комиссиясының төрағаларын;
• Адам құқықтары жөніндегі уәкілді.
Сонымен қатар, 24 қаңтарда Астана қаласында өткен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Ерлан Қарин жұмыс тобының атқарған ісіне тоқталды. Жаңа бірпалаталы парламентті қазақ парламентаризмінің тарихи тамырын айқындау мақсатында Құрылтай деп атау ұсынылып отыр. Құрылтай құрамында 145 депутатболады. Депутаттарға қойылатын негізгі талаптар қазіргі Мәжілістегі талаптармен бірдей болып қалады, яғни жасы 25-тен кем болмауы және ел аумағында кемінде 10 жыл тұрақты тұруы міндет.
Қосымша талаптар конституциялық заңда бекітілуі мүмкін.
Айта кетейік, «OrdaMed» АҚ басшылығы мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық