Президент Нұра ауданындағы №101 мектепке келді
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұра ауданындағы №101 мектепке барып, екі ауысымда 4 мың оқушы оқитын білім ордасының жай-күйін біліп қайтты.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Сапар барысында Мемлекет басшысы оқу және шығармашылық сыныптарын, сондай-ақ спорт және акт залдарын аралады.
Президентке мектептің шығармашылық дағдыларды дамыту, цифрлық технологияларды оқыту, жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктері, «Оқитын мектеп» жобасы және оқу бағдарламаларына робототехниканы енгізу жайында ақпарат айтылды.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Президентке «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын 24 жаңа мектеп құрылысымен таныстырды. Білім және ғылым министрі Ғани Бейсембаев елімізде 302 мектептің құрылыс жұмысы жүргізіліп, 536 мың орынға арналған оқушылар орындарымен қамтылатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар, 280 білім ордасында 220 мың орынға арналған капиталды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Президенттің тапсырмасы бойынша 1,7 миллион бала тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық