Президент кортежі кесірінен жүкті әйел қаза тапты
Түрікменстанда жүкті әйел президент Сердар Бердымұхамедовтің кортежіне арналып жолдың жабылғаны себепті көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға 2025 жылдың 15 қазанында Түрікменабад қаласында болған. Сол күні Бердымұхамедов Ниязов атындағы химия зауытында минералды тыңайтқыштар шығаратын жаңа кешеннің іргетасын қалау рәсіміне қатысқан. Осыған байланысты қалада көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысы уақытша тоқтатылып, бірнеше негізгі көше толықтай жабылған.
Жүкті әйелдің күйеуі жолды жапқан күш құрылымдары қызметкерлерінен көлікті өткізуді тізерлеп тұрып сұраған.
«Олар оны өткізбеді. Аудандық ауруханаға айналма жолмен барыңыздар деп айтқан. Алайда жолда әйел күйеуінің қолында жан тапсырды. Олар ауруханаға жеткенде дәрігерлер: «Кеш келдіңіздер» деді де, дереу полиция шақыртты», — дейді дереккөз.
Бұл жағдай президент кортежі жүрген кезде қалаларда қозғалысты толық шектеу тәжірибесіне қатысты қоғамда үлкен наразылық тудырды.
Дереккөздің айтуынша, оқиғадан кейін келесі күні қауіпсіздік қызметінің өкілі марқұмның күйеуімен кездесіп, болған жағдай туралы еш жерде сөз қозғамауды ескерткен.
«Оқиғадан кейін қауіпсіздік күштері бұл отбасының үйін күзетіп тұр. Әйелінің өлімінен кейін күйеуі президентке шағымданатынын, әділдікке қол жеткізгісі келетінін және болған жағдайды БАҚ пен БҰҰ-ға жеткізетінін айтқан. Осыдан кейін күш құрылымдары қызметкерлері үйіне бірнеше рет келіп, оған қоқан-лоқы жасаған», — дейді дереккөз.
Ал Түрікменабадтағы «Эне мыхры» перинатология және гинекология орталығының қызметкері президент қалаға келген күні барлық дерлік көшелер жабылғанын растады.
«Қауіпсіздік қызметі біздің ауруханадан жедел жәрдем көліктерін де шығармады. Сол күні жедел жәрдем шақырған қала тұрғындарының бірде-бірі медициналық көмек ала алмады», — деп мәлімдеді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық