Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға барды

cover Фото: Ақорда

Президент Боао Азия форумының XXIII сессиясына қатысады.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Сапар бағдарламасына Қазақстан президенті мен Қытай Халық Республикасы басшылығының, халықаралық ұйымдар мен ірі қытайлық компаниялар басшыларының бірқатар кездесулері кіреді.

БАФ 2024 жылы «Азия және әлем: ортақ міндеттер, ортақ жауапкершілік» ұранымен өтеді.

Форум Хайнань провинциясында өтіп жатыр. 26 наурызда басталып, 29 наурызға дейін жалғасады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар