Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев рухани тазару мен жаңаруды бейнелейтін бұл қасиетті мереке бүкіл ислам әлемі үшін ерекше маңызды деп мәлімдеді.
– Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Рухани тазару мен жаңаруға жол ашатын осы қасиетті мейрам күллі мұсылман қауымы үшін айрықша маңызды.
Рамазан айына жалғасқан бұл жарқын мереке қастерлі дініміздегі мейірім мен шапағат, жанашырлық пен қамқорлық сияқты асыл құндылықтарды дәріптейді.
Ораза айт әр адамның жүрегіне иман нұрын сеуіп, ізгілікке үндейді, жұртты жақсылыққа жетелеп, қоғамды игі істерге жұмылдырады. Сол арқылы халқымыздың береке-бірлігін нығайтып, ырыс-ынтымағын арттырады.
Баршамыз айттан айтқа аман-есен жете берейік!
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Әр шаңырақ шуаққа бөленіп, қуанышқа кенелсін!
Ораза айт құтты болсын! - делінген құттықтау сөзінде.
Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Елбасы мереке әр үйге жақсылық, өркендеу және қуаныш әкелсін деп тіледі.
– Құрметті отандастар!
Сіздерді Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлық мереке әрбір шаңыраққа шаттық, жақсылық пен молшылық әкелсін.
Ораза айт – бейбітшілік пен бірлікке үндейтін исламның сан ғасырлық қастерлі дәстүрлерінің символы.
Мейірімділік, рухани тазару, ізгі істер жасау – барлық ұлт пен дін өкілдеріне тән қасиет. Қазақстан халқын осы құндылықтар ұйыстырады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ол өзара сыйластық пен келісім негізінде салынған осындай дәстүрді барынша жан-жақты нығайтуға шақырды.
– Ораза айт шын мәнісінде барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке болып саналады.
Өзара сыйластық пен келісімге негізделген осы игі дәстүрлерді барынша нығайта беруге шақырамын.
Ораза Айт мейрамында баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!
Айт қабыл болсын! - делінген құттықтау сөзінде.
Жаңалықтар
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
- Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
- Түркістан облысындағы жанармай бекетінде бензин таситын 10 тонналық көлік өртенді
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды