Президент қазақ пен өзбек олигархтарының айырмашылығын атады
Президенттің айтуынша, бірі өз еліне шабуыл жасаса, екіншісі керісінше, халқына көмектеседі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропарламенттің Қазақстанға қатысты қабылдаған қарарын Қазақстан Республикасының азаматтары қаржыландыратын лоббистердің айтқаны деп санайды.
Бұл туралы ол «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
— Бір кездері біздің елде қомақты қаржы тауып, Қазақстаннан кетіп қалған кейбіреулер қазір белгілі бір шерулер ұйымдастыруға, халықты арандауға жұмсап, «неғұрлым жаман болса, соғұрлым жақсы» деген қағиданы ұстанады, - деді мемлекет басшысы.
Осы орайда ол біздің байларды өз елінен тысқары жерлерде мол табыс тауып, бүгінде елінің дамуына үлес қосуға тырысып жатқан Өзбекстан азаматтарымен салыстырды.
— Олар тарихи Отанына келіп, Өзбекстан президентінен «біз өзбек халқына не істей аламыз, қандай көмек көрсетеміз?» деп тапсырма беруін сұрайды. Өз қаражаттарына ауруханалар мен инфрақұрылымдар салып жатыр. Олардың шетелде отырып алып, өз еліне шабуыл жасататын біздің олигархтардан үлкен айырмашылығы бар, - деді президент.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық