Президент Асанәлі Әшімовті «Атаманның ақыры» фильмінің 50 жылдығымен құттықтады
Президенттің құттықтау хатында «Атаманның ақыры» фильмі тарихи деректерге негізделген шытырман оқиғаларға толы екендігі, сол заманның өскелең ұрпағын отансүйгіштікке, елді қорғау үшін жанқиярлықпен күресуге тәрбиелегені туралы айтылған.
«Өзіңіз аталған кинотуындыда чекист Қасымхан Шадияров рөлін өте ғажап сомдап шықтыңыз. Арпалысқа түскен қоғамда жауапты қызметкердің өзіне жүктелген құпия тапсырманы орындау жолындағы батырлық пен қайсарлық танытқан іс-әрекетін шынайы көрсете білдіңіз. Сізді аса көрнекті актер ретінде КСРО ғана емес, бүкіл әлемдік кинематография қауымдастығы мойындады. Сонымен қатар қазақстандық әйгілі әртістер Елубай Өмірзақов, Нұрмұхан Жантөрин және Алтынай Елеуова да өздері сомдаған рөлдерін үлкен шеберлікпен орындай білді», – деп жазылған құттықтау хатта.
Мемлекет басшысы Халық әртісіне алдағы уақытта да отандық кино мен театр өнерін және халқымыздың рухани байлығын дамыту жолына өз үлесін қосып, елдің айрықша құрметіне бөлене беруіне тілектестік білдірді.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асанәлі Әшімовке зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына құт-береке тіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық