Президент аппараты төрағасына оқ жаудырды
Фото: Daryo
Өзбекстанда бұрынғы президент әкімшілігінің орынбасары Комил Алламжоновқа жасалған қастандық дауға ұласты. Жергілікті БАҚ-тың мәліметі бойынша, экс-шенеунік бұл оқиғаны өзі қолдан жасауы мүмкін. Тағы бір деректерде оған президенттің күйеу баласы қастық жасады деген болжам бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокуратура бұл жағдайға араласып, ақпарат таратушыларды сақ болуға шақырды.
Бас прокуратура 26 қазанда Алламжоновтың автокөлігі оққа ұшқанын растады. Бірақ өзі де, жүргізушісі де зардап шекпеген. Дегенмен, кейбір өзбек телеграм-арналарындағы дереккөздер экс-шенеуніктің осы қастандықты президенттің күйеу баласы Ойбек Турсунов ұйымдастырды деп хабарлады. Сонымен қатар, желіде Алламжоновтың тапсырысын орындаған екі жас жігіттің бейнежазбасы тарап жатыр. Олар экс-шенеуніктің уәде етілген сыйақысын төлеуден бас тартқанын айтып, билікке өздері берілуге шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Бас прокуратура бұл резонансты оқиғаға жауап ретінде БАҚ пен блогерлерді расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.
Еске сала кетсек, 26 қазан күні екі бейтаныс адам президент аппараты төрағасының көлігіне оқ жаудырып, қашып кетті. Зардап шеккендер жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық