Премьер Смайылов өзіне сенімсіз министрлердің отставкаға кетуін сұрады
Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов президент тапсырмасын орындап, жұмысын жалғастыруға дайын екенін айтты.
Бұл туралы премьер Үкімет отырысы кезінде сөз қозғады.
Ол қабілеттеріне сенімсіз министрлерге қазір орындарынан кетуді ұсынды.
– Мемлекет басшысы бізден «Жаңа жылға Үкіметтің қазіргі құрамымен аяқ басуға бола ма?» деген сұраққа нақты жауап күтеді.
Мен премьер-министр ретінде президент жүктеген міндеттерді орындауға әрі тиімді шешуге бар күшімді саламын. Осында отырған әрбір Үкімет мүшесінен де нақты жұмыс күтілуде. Біздің жұмысымыздың нәтижесін қазақстандықтар сезінуі керек.
Талап өте жоғары. Ал қолымнан келмейді, шешім қабылдай алмаймын десеңіздер қазірден орынды босатыңыздар! Халыққа шын жаны ашитын, мойнына жауапкершілік алып, батыл шешім қабылдайтын адамдармен ғана жұмысты жалғастырамыз. Сонда көздеген мақсатқа жетуге болады, – деді Смайылов үкімет отырысында.
Сондай-ақ ол президенттік сайлау бағдарламасын жүзеге асыру үшін қазірдің өзінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың барлық бірінші басшылары кіретін республикалық штаб құрылғанын айтты. Кездесулер тұрақты түрде өткізілетін болады.
– Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарының әрбір қадамы тұрақты бақылауда болады. Осы жоспардың барлық тармақтарының орындалуы үшін бірінші басшылар тікелей жауапты, – деді премьер-министр.
Еске салайық, дүйсенбі күні үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің биылғы жылы Қазақстан тап болған сынақтарға тиімді қарсы тұра алмайтынын айтқан болатын.
– Алға қойылған міндеттер толық орындалмай, халықтың өмір сүру сапасы нашарлауда. «Келесі жыл ағымдағы жылдан күрделірек әрі қиын болуы ықтимал», сондықтан елдегі экономикалық мәселелерді шешу үкіметтің басты міндеті екенін ескертті. Бұл үкімет мүшелерінің, әкімдердің, ұлттық компаниялар басшыларының тікелей міндеті, – деп атап өтті Тоқаев.
Осы орайда ол премьер-министр Әлихан Смайыловқа «Жаңа жылға үкіметтің осындай құрамымен кіріп, президенттік сайлау бағдарламасын жүзеге асырып, барлық экономикалық қауіп-қатерге төтеп беруге бола ма?» деп сұрады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық