Премьер Олжас Бектенов әйелдерді мерекесімен құттықтады
Фото: Ашық дереккөзден
Премьер-Министр Олжас Бектенов қазақстандық әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Аяулы аналар! Қымбатты арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Әйел отбасының берекесі ғана емес, ол – барша тіршілік атаулының тірегі. Халқымыз ақ жаулықты аналарымыз бен сүйікті аруларымызды «ақ бесіктің иесі, шаңырақтың киесі» деп әркез аялап өткен. Рухы мықты, білімді, еңбекқор ұлттың болашағы да, бірінші кезекте киелі Ана атымен тікелей байланысты. Бүгінде әйелдер қауымы кемел ұрпақ тәрбиелеп, отбасылық құндылықтарды ұлықтаумен бірге, экономиканың барлық саласының дамуына да елеулі үлес қосып келеді», - деді Бектенов.
Ендеше, еңселі елдігімізді тербетіп, жанкешті еңбектің үлгісін көрсетіп отырған аналарымызға тағзым ету біздің бәріміздің қастерлі парызымыз болып қала бермек, деп атап өтті Олжас Бектенов.
«Ізгілік пен әсемдіктің береке-бастауы болған осынау шуақты мереке баршаңыздың жүректеріңізге жылу сыйласын. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын!», - деп аяқтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық