Премьер-министрдің баспасөз қызметі Ақтөбеде журналистің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Фото: ашық дереккөзден
Премьер-министрдің баспасөз қызметінің жетекшісі Қанат Құлшыманов Ақтөбеде журналист Ардақ Ерубаеваның ұсталуына қатысты пікір білдірді.
«Мен Ақтөбеде екі жыл тұрып, жұмыс істегенімді және Ардақпен кәсіби ғана емес, достық қарым-қатынаста болғанымды атап өткім келеді. Осы күндері біз онымен байланыста болдық. Әрине, мен барлық жағдайға таң қалдым.
Журналистердің кәсіби қызметіне мұндай шектеулер қоюға болмайды деп есептеймін. Ардақтың досы әрі әріптесі ретінде мен бұл жағдайдың тез әрі сәтті шешілуіне шын жүректен тілекшімін» деді Құлшыманов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Құлшыманов 31 тамызда премьер-министрдің Ақтөбеге жұмыс сапарымен барып, депутаттар мен облыс әкімдерімен кездесу өткізгенін, премьер-министрдің қызметтік шағын автобусты пайдаланғанын айтты.
Баспасөз қызметінің басшысы ескі көліктерді фотоға немесе видеоға түсіруге ешкімге тыйым салынбағанын атап өтті.
Еске салсақ, «Азаттық» радиосы 5 қыркүйекте Ақтөбе қаласының соты 31 тамызда ұсталған журналист Ардақ Ерубаеваға полицияның бұйрығына бағынбады деп айыпталып, әкімшілік ескерту жасалғанын хабарлаған болатын.
Ерубаева мен оның адвокаты Сейсембай Ділманов сот шешімімен келіспейтіндерін айтып, апелляциялық шағым түсірмекші.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық