Премьер-Министрдің орынбасары негізгі азық-түлік өнімдері қоры бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды
Алдағы маусымаралық және қысқы кезеңде тұрақтандыру қорларын қалыптастыру үшін өңірлерде көкөніс жәрмеңкелері өткізіледі.
Алдағы маусымаралық және қысқы кезеңде еліміздің тұрақтандыру қорларын қалыптастыру үшін өңірлерде көкөніс жәрмеңкелері өткізіледі. Астық жинау науқаны кезінде негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша қабылданған осы және басқа да шаралар Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен апта сайынғы Үкімет отырысында талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков мәлім еткендей, 14 қыркүйекте Жамбыл облысында пияз жәрмеңкесі өтеді деп жоспарланған. Шараға барлық аймақтар мен ірі сауда желілері шақырылады.
«Пияздың бағасы төмен болғанымен, өңірлер белсенді түрде атсалысып, қажетті көлемде келісім-шарт жасауы керек», - деді Әбілдабеков.
Ол сонымен қатар өндірушіден бөлшек сауда сөрелеріне дейін электронды шот-фактуралар (ЭСФ) арқылы баға тізбегін талдау жұмысы туралы айтты.
«Жыл басынан бері 814 тізбекке талдау жүргізіліп, 146 факті бойынша сауда бағасынан асып кету тәуекелдері анықталды. Кейбір өңірлерде бірінші санаттағы жұмыртқа бағасының қалыптан тыс өсуі тіркелді. Біз бес өндіруші бойынша ЭШФ егжей-тегжейлі талдауын жүргіздік, құс фабрикасынан және басқа көтерме саудадан жұмыртқа сатып алған, кейін оларды жеке және заңды тұлғаларға сататын көтерме сатушы «Воробьев А.А.» ЖШС-нің тауар таңбасын бұзғанын анықтадық. Сауда үстемесі 35%-дан 131%-ға дейін қолданылған. Тағы бір көтерме саудагер «DOSAUTO KZ» ЖШС жұмыртқаны өндіруші «Adel Kus» ЖШС-нен сатып алып, жеке тұлғаларға 71 пайыз сауда үстемемен сатқан», - деді комитет басшысы.
Біз күріш бағасы жағдайын да бөлек қарастырдық. Өткен аптада бағасының 0,1%-ға төмендеуінің жалпы динамикасы бол тұра күріш құны 1,1%-ға өсті. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің айтуынша, биыл маусым айында Қызылордада өткен күріш жәрмеңкесіне қарамастан, тек төрт облыс (Ақмола, Қостанай, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы) осы дәнді дақыл қорын оның қажеттілігінен толық көлемде келісімшартқа қойған.
Сондай-ақ жиында республикадағы көкөніс сақтау қоймаларының статистикасын және елді көкөніспен қамтамасыз ету жағдайын талдауды сапалы жақсартуға мүмкіндік беретін жеке көкөніс сақтау қоймаларының есебіне қатысты жағдай да талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин көкөніс сақтайтын барлық қоймаларды есепке алу жұмыстарын жүргізуді, ал өңірлерге бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін негізгі азық-түлік өнімдерінің қажетті қорын қалыптастыруды күшейтуді тапсырды.
Жаңалықтар
- Еліміз балаларға медициналық көмек көрсетудің гибридті моделін енгізеді
- 200 тоннадан астам зақымданған астық елге кіргізілмей, экспорттаушы елге қайтарылды
- Прокуратура Алматы облысында 800-ден астам құқықбұзушылықты анықтады
- Bloomberg — Қазақстан өңірдегі цифрландыру көшбасшысы
- Жаңа Конституцияның қабылдануына орай кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін?
- Еліміздегі ҰБТ-дан шекті балл жинаған талапкерлер күмән туғызды
- Жалған жұмыс арқылы әлеуметтік төлем алғандарға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды
- АҚШ Эбола вирусын жұқтырған науқастарын Африкаға орналастырмақшы, Кения соты қарсы шықты
- Қарағанды облысында өртенген үй мен шаруашылық құрылысынан 8 газ баллоны шығарылды
- Тоқаев: Озық технологиялар еуразиялық интеграцияның қуатты катализаторына айналуы керек
- Жангелдиндегі отбасы өлімі: Туыстары бірнеше ай бойы марқұмдармен хат жазысқан
- «Есімімді кірлетуге жол бермеймін»: Михаил Шайдоров жалақы дауына қатысты мәлімдеме жасады
- Қазақстан халықаралық деңгейде «+7» телефон коды бойынша тең құқықты мәртебесін бекітті
- Атырау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
- Қазақстан Ресейдің қазақтар көп тұратын өңірлеріне мектеп салады
- Тағы бір «Палау орталығы» өртенді, бұл жолғысы Астанада
- Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандыққа қатысты тың дерек шықты
- Сот процесінде Сұлтан Сәрсемалиевтің ата-анасының сөзі тыңдалды
- Қай маман иелерінің жалақысы 2,5 есеге дейін өсіп, үкіметтен қолдау көреді?
- Атырауда жасөспірім қатысқан оқиға бойынша төрт адам жауапқа тартылды