Премьер-министр Смайылов Әзірбайжанға шақырту алды
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Әзірбайжан премьер-министрі Али Идаят оглы Асадовпен телефон арқылы сөйлесті.
Асадов Смайыловты премьер-министр қызметіне тағайындалуымен құттықтады.
Әзірбайжан премьер-министрі деструктивті күштердің агрессиясы салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтты. Сондай-ақ, ел үшін осындай қиын сәтте Қазақстан халқына қолдау білдірді.
«Әзірбайжан Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі болып табылады. Екіжақты қарым-қатынастардың кең ауқымында елдеріміз арасында сындарлы саяси диалог пен жемісті өзара іс-қимыл жолға қойылды. Біз өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге бел байлаймыз» деді Смайылов.
Асадов Қазақстан премьер-министрін өзіне қолайлы уақытта Әзірбайжанға келуге шақырды.
Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 261 млн долларды құрады.
Биыл Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық