Премьер-министр кортежі жүкті әйелді қағып өлтірді
Армения премьер-министрі Никола Пашинян кортежіне ілескен жол полициясының көлігі Ереванда жүкті әйелді қағып кетті.
Әйелді де, баланы да құтқару мүмкін болмады. Пашинян автоколоннасының құлаған әйелге көмектесу үшін тоқтамағанына ел тұрғындары наразы болды.
Бұл туралы Sputnik Армения хабарлайды.
Оқиға 26 сәуірде болған. Бірақ бұл оқиғаға бір күннен кейін ғана ел премьер-министрінің аппаратында түсініктеме берілді.
Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары Тарон Чахоян жүкті әйелді колоннаға ілесіп келе жатқан жол полициясы батальоны көлігінің қағып кеткенін айтты.
— Ол кезде премьер-министрдің көлігі 100-150 метр жерде болды. Ол жерден не болғанын көру мүмкін болмады. Бірнеше секундтан кейін премьер-министрдің көлігі сол жерге дейін жетті. Бірақ аз ғана уақыт ішінде ол не болғанын біле алмады. Жолда жатқан әйелді көрген Үкімет басшысы жедел жәрдем шақырып, оқиғаның мән-жайын анықтауды тапсырды. Жедел жәрдем бірнеше минутта келді, — деді Тарон Чахоян.
Оның айтуынша, әйелді полиция көлігі қағып кеткенін премьер-министр парламентке келген соң ғана білген. Одан кейін денсаулық сақтау министрлігі мен құқық қорғау органдарына тиісті тапсырма берген.
— Егер батальон көлігі тоқтаған болса, ол бүкіл колоннаның жылдамдығын бәсеңдетіп, көрші көшелерде кептеліс тудырып, жедел жәрдемнің келуіне кедергі болар еді. Сондықтан халықаралық хаттамалық ережелерге сәйкес, мемлекет басшыларының колонналарына ілесіп келе жатқан көліктердің ешбір жағдайда күтпеген жерден тоқтату құқығы жоқ, — деп түсіндірді премьер-министрдің орынбасары.
Сондай-ақ, ол премьер-министр марқұмның әкесі Сона Мнацаканянмен телефон арқылы сөйлескенін, отбасы мүшелеріне көңіл айтып, тергеудің объективті жүргізілуіне кепілдік бергенін айтты.
Ереван тұрғындары қайғылы оқиға орнына келіп, шырақтар мен гүл шоқтарын қалдыруда. Оппозиция митингісі кезінде шерушілер үкіметтік саяжайлардың жанынан өтіп, «Ұят!» деп ұрандады.
Басылым марқұм әйелдің «Қаһармандарымызды қолдау – Армения» ұйымында жұмыс істегенін және Таулы Қарабақта жүзеге асырылған Wings IT жобасын басқарғанын хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық