Премьер-министр Батыс өңірдегі гидроқұрылыстарды тексерді
Фото: Ақорда
Олжас Бектенов су тасқынының екінші толқынына байланысты батыс өңірлерге барып, гидро құрылыстың жай-күйін біліп қайтты, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Премьер-министр алдымен тікүшақпен Жайықтың жағдайын біліп қайтты. Премьер елді-мекендерге келетін тасқын судың алдын-алу үшін, су қоймаларына суды барынша жинау керек екенін айтты.
Жасалып жатқан жұмыстарды көргеннен кейін, Бектенов тұрғындардың өмірі мен денсаулығын, мүлкін барынша қорғау керек екенін, бұл жұмысты бәсеңдетпеу керек екенін тілге тиек етті.
«Қазіргі уақытта Ақтөбе, Қостанай, Құлсары қалаларындағы жағдай тұрақталып келеді. Петропавлда су тасқынының шарықтау шегі басталады, мұнда негізінен бау-бақша серіктестіктері су басу аймағында қалмақ. Жайық өзенінде күрделі жағдай сейілмеді. Ауқымды су көлемі Ресей аумағында айтарлықтай шығын келтіріп, Орал мен Атырауға қарай жылжып келеді. Бүгінде Жайық өзеніндегі су деңгейі 7,2 метр болып, күн сайын артып келеді. Қауіп белгісі - 8,5 метр. Судың қауіпті деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік беретін қорғаныс бөгеттері салынды. Қазір басты міндет – Орал мен Атырауды тасқыннан сақтап қалу. Ол үшін әкімдіктердің, ТЖМ, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның, арнайы техникалық күштері жұмылдырылды. Еріктілер көп көмек көрсетуде.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының әкімдеріне қажет болған жағдайда су басу аймағындағы үйлерін тастап шығудан бас тартқан тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуациялау тапсырылды. Бұл ретте барлық бос үйлер полицияның тәулік бойы бақылауында болады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сондай-ақ Үкімет басшысы тұрғындар сауалдары негізінде әкімдіктерге су тасқынынан келтірілген залалды өтеу алгоритмін түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
«Су тасқынының басталу уақыты әр өңірде әртүрлі. Кейбір тұрғындар өтініш беру мерзіміне қатысты алаңдап отыр. Уақыт шектеулеріне қарамастан тұрғындардың өтініштерін қабылдау қажет. Жоғарыда айтқанымдай, бюрократиялық әрекеттерге жол берілмеуге тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық