Португалияда мыңдаған адам өмір сүру жағдайына наразылық білдірді
REUTERS/Pedro Nunes
Елдегі жоғары инфляция халық күнкөрісінің нашарлап, өмір сүру жағдайы шамадан тыс қымбатшылыққа ұшыраған, салдары ашынған халықтың көшеге шығуына әкелді.
Лиссабон көшелеріне мыңдаған адам өмір сүру жағдайын жақсартуды және азық-түлік бағасын төмендетуді талап етті. Рейтер агенттігі Португалияны Батыс Еуропадағы ең кедей елдердің бірі деп жазады. Үкімет мәліметтері бойынша өткен жылы жұмысшылардың 50%-дан астамы айына 1000 еуродан (475 000 теңге) табыс тапқан. Ай сайынғы ең төменгі жалақы – 760 еуро (шамамен 360 мың теңге). Бұл еуропа елдері үшін жеткіліксіз.
Сонымен бірге португалдықтар 2022 жылы тұрғын үй бағасы 18,7 пайызға өсіп, жалдау ақысы көтерілгеніне шағымданады. Ал Португалиядағы 8,3% инфляция мәселені одан әрі ушықтырады.
«Әділ өмір» қозғалысы ұйымдастырған наразылық шарасында 26 жастағы бағдарламашы Витор Дэвид Лиссабонға оралғысы келетінін, бірақ оның туған елі өмір сүру үшін тым қымбат болғандықтан, одан алыс тұруға мәжбүр екенін айтты. Ресми мәліметтерге сәйкес, португалдықтардың шамамен 20% шетелде тұрады.
— Біз өз дауысымызды жеткізу үшін осында жиналдық, - деді Хосе Рейс, ол жақында университет бітірген, бірақ әлі жұмыссыз.
Лиссабонның кедей бөлігінде тұратын адамдар құрған «Әділ өмір» қозғалысы инфляцияның өсуінен кейін ең осал топтар жалғасып жатқан азық-түлік пен коммуналдық шығындар дағдарысынан қатты зардап шекті деп санайды.
Адамдар жалақыны көтеруді, ең қажетті тауарлардың бағасын шектеуді және үкіметтің тұрғын үйге қатысты шараларын талап етуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық