Португалияда Украина азаматын соққыға жыққан шекарашыларға үкім шықты
Португалияның үш шекарашысы әуежайдың оқшаулау бөлмесінде соққыдан қайтыс болған украиналық Игорь Гоменюкке ауыр дене жарақатын салғаны үшін 7 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айрылды.
Бұл туралы Orda.kz ВВС-ге сілтеме жасап хабарлады.
40 жастағы украиналық Игорь Гоменюк Лиссабон әуежайында 2020 жылы наурызда ұсталды. Ер адамда жұмыс визасы болмаған және ол Украинаға барудан бас тартқан. Тергеу қорытындысына сәйкес, оқшаулау бөлмесінде Португалия шекарашылары ұсталған украиндықты соққыға жыққан. Екі күннен кейін Гоменюк қабырға сынығынан тұншығып қалды.
Үш шекара қызметкері денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жеті жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге сотталды. Жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты мерзімдері ұлғайды. Алайда, олар кісі өлтіру бабы бойынша кінәлі деп танылмады. Прокурорлар бұл айыптауларды сот процесі кезінде алып тастады, өйткені сот Гоменюктің өліміне соққы себеп болғанын дәлелдей алмады.
Гоменюктің қайтыс болуы Португалияда кең алаңдаушылық тудырды. Шекара қызметінің басшысы Криштина Гатоинс отставкаға кетті, ал үкімет шекара қызметін таратып, оның орнына жаңа - Шетелдіктермен және пана іздеушілермен жұмыс қызметі құрылды деп жариялады. Португалия премьер-министрі Антонио Коста украиналықты өлтіру жағдайы кешірімсіз деп атады.
Гоменюктің отбасына 850 000 доллар өтемақы төленді.
Сотталушылардың адвокаттары апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық