Полиция журналист Егеубаеваның көлігін өртегендерді іздестіріп жатыр
Полиция журналист Динара Егеубаеваның көлігін өртеп жіберу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Алматы полиция департаменті бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Көлікті өртегендер әлі табылған жоқ. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Ведомствода қылмыстық істі қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі жүргізіп жатқанын түсіндірді. Тергеу барысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қаласы Полиция департаментінің бақылауында.
Белгілі қазақстандық тележүргізуші әрі журналист Динара Егеубаеваның көлігі кеше түнде өртеніп кетті. Әйел бұл оқиғаны өзіне қарсы әрекет деп бағалап, қаскөйлердің келесі қадамы бұдан да қатаң болуы мүмкін деп болжайды.
Көпқабатты үйдің жанында тұрған ақ түсті Kia Sou көлігі бір күн бұрын түн ортасы шамасында өртенген. Бұл туралы Егеубаева Instagram парақшасында хабарлады.
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді