Полиция автобус дөңгелегінің астында қалып қайтыс болған қыз туралы айтып берді
Алматы полициясы қыз баланың автобус доңғалақтарының астында қалып қаза тапқан қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апатының 14 желтоқсан күні сағат 20.20-да Түрксіб ауданында болғанын хабарлады.
«Жүргізуші, 1972 жылы туған азамат У. «FOTON» маркалы автобуспен Құлжа күре жолымен оңтүстік бағытта келе жатып, оңға бұрылмақшы болғанда, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргінші – 1998 жылы туған азаматша С.-ны қағып кеткен. Жаяу жүргінші арнайы белгіленген жерден өтпеген» деп хабарлады полиция.
Сондай-ақ полицейлер жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген жаяу жүргіншінің алған жарақаттарынан қайтыс болғанын айтты.
«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қылмыстық іс бойынша ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды» делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін Алматыда жас қыздың автобус доңғалағының астында қалып қаза тапқаны хабарланған болатын. Қайғылы оқиға «Жетісу» базарының жанындағы соңғы аялдамада болған. Марқұм Лейла Саттарованың туыстары адам өліміне әкелген соқтығыстың куәгерлерін іздеп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық