Полициядан көмек сұрағаны үшін соққының астында қалды
Facebook/Bolat Begimov
Адвокат Болат Бегімов фейсбукте Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының полиция бөлімі ғимаратында елорда тұрғынының соққыға жығылуы туралы айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Оның айтуынша, оқиға 4 тамызға қараған түні болған. Елорда тұрғыны өзін қорқыту бойынша арыз жазуға полицияға келген. Алайда полиция қызметкері оны балағаттап, соққыға жыққан.
Бегімов Informburo.kz тілшісімен жәбірленушінің айғақтарымен бөліскен. Ер адам жұмыстан сағат 23:00 шамасында үйге қайтып келе жатқан. Аулада екі жігіт «оны өлтіреміз» деп қорқытқан. Ер адам полицияға хабарласып, барлығы Алматы ауданының полиция бөліміне жеткізілген. Ғимаратта жігіттердің бірі ер адамды қорлай бастаған, кейін ол полициядан көмек сұраған. Алайда құқық қорғаушылар әрекетсіздік танытқан.
Ер адам қайтадан 102 нөміріне қоңырау шалған, сол кезде полицей телефонды алған.
– Мен көшеге шығып, өтіп бара жатқандардан 102 нөміріне қоңырау шалуды сұрадым. Кейін кіре берістегі орындыққа барып отырдым. Күзетші полицей шығып, мені күшпен ішке кіргізбекші болды. Тіпті азаматтық киімде отырған адамға аяғымнан ұстауды сұрады. Ол бас тартты. Кейін басқа полицей келіп, мені шақыртты. Кірген бойда күзетші полицей маған тіл тигізді, мен ашуландым. Сосын мені жерге жықты. Мен дене жарақаттарын алдым. 103 нөмірі мен кезекші прокурорға хабарластым, - деді жәбірленуші.
Ол полиция қызметкеріне қарсы қызмет бабын асыра пайдалану туралы арыз жазды.

Кейінірек Нұр-Сұлтан полиция департаментінің жетекшісі Ержан Сәденов Ішкі қауіпсіздік департаменті бұл факті бойынша ресми тексеру жүргізетінін айтты. Тексеру нәтижесі бойынша шаралар қабылданады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық