Полиция журналистер қызметін бөгеп, қоқан-лоқы көрсете ме?
Фото: arh.mk.ru
Алтынтөбедегі наразылық кезінде полицияның журналистерге күш қолдануы бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды.
Бұл туралы Orda.kz «Әділ сөз» баспасөзді қорғау ұйымына сілтеме жасап хабарлады.
Қордың айтуынша, полиция оқиға орнынан хабар таратқан журналистің жарақат алғанын анықтаған. Бірақ соның өзінде «қылмыстық құқықбұзушылық» фактілері табылмаған.
Еске салсақ, 4 сәуірде Шымкенттегі Алтынтөбе ауылының тұрғындары алтын бұйымдарын өндіретін жергілікті цех директорының ұсталуына наразылық білдірген.
Нәтижесінде полиция ондаған адамды ұстаған.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері оқиға орнынан хабар таратқан журналистерге қарсы күш көрсеткен:
- «31 арна» тілшісі Бахром Абдуллаевтың қолын жарақаттап, қолшатырын сындырған;
- «Астана» телеарнасының тілшісі Бахрамбек Талибжановқа қоқан-лоқы көрсеткен;
- «Азаттық» тілшісі Дилара Исаның телефонын тартып алуға тырысқан.
Оқиғадан кейін келесі күні Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы Ерғали Жармұхамбетов «барлық оқиға тексеріледі, қызметтік тексеріс басталды, қысым жасағандар жауапқа тартылады» деп журналистерден кешірім сұраған.
Наурыз айында журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтірген шамамен сегіз оқиға тіркелген.
Айта кетсек, «Шекарасыз тілшілер» ұйымының сөз бостандығы бойынша рейтингте Қазақстан 180 елдің арасында 155-орында тұр. Яғни, елдегі жағдай қиын екенін осыдан байқауға болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық