Полиция қызметкерлері саунадағы демалысы үшін жұмыстарынан айрылды
ШҚО полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы саунадағы тәртіп сақшыларымен болған атышулы оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізді, деп хабарлады ORDA.
Еске салсақ, желіде тәртіп сақшылары саунада отырған фотосурет пайда болды. Суретте 18 адам бар.
Белгілі болғандай, 29 қаңтарда учаскелік полиция инспекторлары жергілікті полиция бөлімінің басшысымен бірге Семей қаласындағы монша кешенінде бос уақыттарын өткізген.
«Тексеру нәтижелері бойынша қызметтік тәртіп бұзғаны үшін орталық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Р.С.Сұңғатов қызметінен босатылды. Учаскелік полиция инспекторлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Семей унитарлық кәсіпорны мен қаланың орталық полиция бөлімінің бірқатар лауазымды тұлғалары өз міндеттерін адал атқармағаны және жеке құрамға бақылаудың жоқтығы үшін қызметінен босатылды.
Монша кешенінде болған полиция қызметкерлеріне қатысты санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тиісті материалдар ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді.
«Департамент басшылығы қазіргі уақытта басым бағыттардың бірі болып табылатын ШҚО ПД жеке құрамы арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр. Қызметтік және әскери тәртіпті бұзудың бірде-біреуі қараусыз қалмайды», - деді департамент.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық