Полиция қызметкері 48 жастағы әйелді қағып өлтірді
Видеодан скриншот
Жамбыл облысындағы Шу қаласында аудандық полиция бөлімінің аға лейтенанты жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қатты соққыдан есін жия алмаған 48 жастағы әйел адам оқиға орнында көз жұмған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Арнаның мәліметінше, куәгерлер полиция қызметкерінің мас болғанын және өзінің құқық қорғау органында істейтінін жасыру үшін бірден көлігінің мемлекеттік номерін шешіп, оқиға орнынан қашып кетпек болғанын айтқан.
Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. Олардың мәліметінше, жаяу жүргіншіні қағып кеткен 25 жастағы полиция қызметкеріне жасалған медициналық сараптама қорытындысына сай, оның спирттік ішімдік ішкені анықталмаған.
«Полиция қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, 25 жастағы полицейдің ішімдік ішпегені және есірткі заттарын тұтынбағаны анықталды. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеп-тексеру амалдары басталды» деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция департаментінің мәліметінше, жаяу жүргінші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған.
Жаңалықтар
- ОСДП Құрылтайдың жаңа құрамына кіретін сегіз депутаттың атын атады
- Исламабадта аурухана өртеніп, 15 жаңа туған шақалақ қаза тапты
- «Бес айлық күшік еді»: 11 жастағы баланың құлағын шайнап тастаған иттердің иесі сотта жауап берді
- Президент: Жасанды интелектке қатысты тапсырма тиісті деңгейде орындалмады
- Тоқаев Астанада Қазақстан-Қытай жасанды интеллект мектебін ашуды ұсынды
- Мұғалімдердің 95%-ы жұмысына көңілі толады: Тоқаев Қазақстанның әлемдік рейтингтегі орнын айтты
- Тоқаев: Қазақстан оқулықтарында 700-ден астам қате бар
- Кентауда адам денесі табылғаны туралы хабарлама жұртты дүрліктірді
- Атыраудағы әуежайда шетелдік қайтыс болды: Полиция мән-жайды мәлімдеді
- Оралда әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтқан тұрғын қамауға алынды
- Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот: Істі прокурорға қайтарудан бас тартты
- Ұлдана Мырзуанның қазасы: Адвокат істі прокурорға қайтаруды сұрады
- 12 рет пышақталып, қаза болған Дильназдың анасы күдіктінің жазасын қатаңдатуды сұрады
- «Ердоған қайтыс болды» деп материал жариялаған түрік журналистері ұсталды
- Қазақстандық әпкелі-сіңлілі қыздар БАӘ-де қаза тапты: Отбасы олардың денелерін елге жеткізуге тырысып жатыр
- Жамбылда полиция подполковнигі есірткі саудасы үшін сотталды
- Алматы облысында 17 адам 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген
- Трамп түн жарымда қызметкеріне қоңырау шалып, Тоқаевқа сәлем жолдаған
- Тоқаев Құрылтайдың тұңғыш сессиясын өткізуге қол қойды
- Ат байлаған арқанға ілініп қаза тапқан қызға қатысты оқиғаның жай-жапсары белгілі болды