«Полиция, төбелес, жедел жәрдем»: Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаевқа көшуге қарсы
Фото: Александра Мохирева/ Orda.kz
Бүгін, 21 шілде күні Алматы облысындағы Бағанашыл ықшам ауданында орналасқан №1 балалар үйінің түлектері, демеушілері мен қазіргі тәрбиеленушілері мекеме қақпасының алдына жиналып, Қонаевқа көшу жайлы шешімге қарсылық танытты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін таңертең балалар үйіне арнайы автобустар келіп, тәрбиеленушілерді алып кетуі керек еді. Бірақ балалар үйінің тәрбиеленушілері көлікке мінбей шу шығарды. Балалар арасында бір қыз есінен танып қалды, тағы бір бала қолын жарақаттап алды. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері келді.
Қазір № 1 балалар үйінің директоры Роза Бекішева Алматы облысы әкімінің орынбасары және білім басқармасының өкілдерімен кеңесіп жатыр.
Балалардың Қонаевқа көшуіне қарсы тарап Қонаевтағы ғимарат кімнің балансында екенін білгісі келеді. Әрі олар Бағанашылдағы ғимараттың апатты екенін дәлелдейтін қорытынды құжатты және мердігер мен Алматы облысы әкімдігі арасындағы келісім құжаттарын көрсетуді талап етіп отыр.
Айта кетейік, бұл балалар үйін көшіру туралы бастама биылғы наурызда көтерілген. Алайда қоғам белсенділері мен мекемеге қолдау көрсетіп жүрген демеушілердің қарсылығынан кейін жергілікті билік «көшірмейміз» деп уәде берген еді. Дегенмен уәде орындалмай, тәрбиеленушілер Қонаевқа көшетін болған. Балалар президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алматы облысының әкіміне бейнеүндеу жолдап, сондай-ақ мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек пен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваға жазбаша хат жазған.
Еске сала кетсек, Orda.kz тілшілері арнайы Қонаев қаласына барып, балалардың қандай жерде тұрып, немен айналысатындарын көріп қайтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық