Полиция такси жолаушысынан құны 30 млн теңге болатын "синтетика" тәркіледі
Фото: polisia.kz
Шымкентте полиция такси жолаушысынан құны 30 млн теңге болатын "синтетика" тәркіледі.
Қалааралық такси жолаушысы Алматыдан аса ірі көлемдегі синтетиканы алып бара жатқан. Жігіттің күдік тудырған әрекеттері туралы полицияға жүргізуші хабарлады.
Бұны сезіп қалған есірткі курьері жақын маңдағы бағдаршамда көліктен шығып, белгісіз бағытта бой тасалаған.
Оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамның көліктің жүк салғышында қалған сөмкесінен скотчпен оралған үлкен орама ішінде ұнтақ салынған үш пакетті тапты. Сараптама тәркіленген заттың массасы 1,5 келіге жуық мефедрон психотроптық есірткі екенін растады.
Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері күдіктіні Алматы аумағында анықтап, ұстады. Ол Түркістан облысының 19 жастағы тұрғыны болып шықты.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде 12 адам қаза тапқан жол апатынан аман қалған жасөспірімнің жағдайы ауыр
- Түркістанда сотталушы қарауыл жасақты алдап қашып кетті
- Өз-өзін өртемек болған ананың ісін прокурор неге қарамайды?
- 600 мың теңгелік тортқа бола соттасып: Кондитердің абыройын төкті
- Бас прокуратура Нұрбол Назарбаевтың активтерін тексеріп жатыр
- Баян Алагөзова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алды
- «Қылмыс әлемінің серкелері қысым көрсетті»: Маңғыстаудағы теміржолшылар мәлімдеме жасады
- «Зорлады, ұрып соқты»: Түркістан полициясы неліктен 16 жастағы қызды қиянат жасаған адамға қайта қосты?
- Тоқаев Шавкат Рахмоновты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
- Алматыда жолаушылар автобусы аялдамаға соғылды
- «Орда» үшін талас-тартыс тоқтар емес: редакцияны басып алудың жаңа амалы
- Алматыда алғаш рет дроппер әйел ұсталды
- Алматы маңынан ежелгі жануарлардың жүзден астам қаңқасы табылды
- Меруерт Өтекешова Қазақстанның халық әртісі атанды
- Ақтөбеде жындыханаға тоғытылған 5 баланың анасы сап-сау болып шықты
- Назарбаевтың немересінің қос азаматтығы мен Мәскеудегі жылжымайтын мүлкі әшкереленді
- Ақтөбелік тұрғын әріптесіне 7,7 млн несие алғызып, өлтіріп көміп тастады
- Төбелес шығарып, бірін-бірі соққыға жыққан Жаңаөзендегі оқушы қыздар жауапқа тартылады
- Марқұм Шерзат Полаттың отбасы жаңа баспанаға көшті
- Ташкентте жігіттерге «қырыңдаған» қазақ қызының үстінен іс қозғалды