Полиция Шахтинск қаласындағы өртке кінәліні ұстады
Фото: бейнекадрдан үзінді
Қарағанды полиция департаменті Шахтниск қаласында болған өртке қатысты күдіктінің ұсталғаны туралы бейнематериал жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Олардың мәліметінше, 40 жастағы ер адам көпқабатты үйде газ баллонын ашып әдейі тұтатқан. Өрт салдарынан 5 полиция қызметкері жарақат алған.
«Шахтинск қаласында полицейлер пәтерге өрт қойған күдіктіні ұстады. 40 жастағы ер адам көпқабатты үйде газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан. Тәртіп сақшылары тұрғындарды эвакуациялау кезінде жарылыс қаупіне қарамастан батыл әрекет етті. Күдікті құрықталды, бірақ өрт салдарынан 5 полиция қызметкері жарақат алып, ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті күзеттегі палатаға жатқызылды» деп жазды полиция департаменті.
Айта кетейік, Қарағанды облысы Шахтинск қаласында 8 адам зардап шеккен болатын. Құтқарушылар жоғарғы қабаттан бес адамды эвакуациялады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындардың біразы өз бетімен сыртқа шықса, бір бөлігін полиция қызметкерлері эвакуациялаған болатын.
Оқи отырыңыздар:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық