Полиция «Оператор РОП» басқарушы директорының өлімін тергеп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
«Оператор РОП» ЖШС-нің құқықтық мәселелер жөніндегі бұрынғы басқарушы директоры Руслан Шәмшиев қайтыс болды. Нұр-Сұлтан полициясы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша іс қозғады.
Елордалық полицияның мәліметінше, алдын ала болжам - суицид.
«Ер адамның мәйіті табылған соң, Есіл ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша қылмыстық іс қозғады» деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.
Қазір тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Руслан Шәмшиев 2021 жылдан бері «Оператор РОП» ЖШС-нің құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры болған.
Еске салсақ, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері бұрынғы экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «РОП Оператор» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті ұстағаны хабарланған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық