Полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға үкім өзгертілді
Фото: Pexels
Прокурордың өтінішхаты бойынша Теміртау қаласында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасау туралы іс бойынша үкім өзгертілді.
Бұл туралы Бас прокуратурасы хабарлады.
«2023 жылғы 8 қазанда сағат 03:00 шамасында мас күйінде, алдын ала сөз байласа отырып әрекет еткен адамдар тобы Теміртау қаласындағы «Меруерт» ресто-барының жанында тұрған қызметтік автокөлікте отырған полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады», - деді прокурор.
Тәртіп бұзушылар көліктің есігін ашып, полиция қызметкерлеріне қатысты балағат сөздер айтып, төбелесу үшін көліктен шығуды талап еткен.
Соттың үкімімен тек 2 кінәлі тұлға бас бостандығынан айырылып, қалған 3 адамға қатысты бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
Қарағанды облысы прокуратурасының өтінішхаты бойынша апелляциялық сатыдағы сот 3 сотталғанға қатысты үкімді қайта қарады және «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын таңдай отырып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Жаңалықтар
- Екі министр шұғыл аттанды: Абай облысындағы өрт 60 гектарды шарпыды, 220 адам эвакуацияланды
- Астанада нәрестесін кәрізге ағызып жіберген 29 жастағы әйел ұсталды
- Павлодардағы банкте петарда жарған қарттардың халі қалай?
- Алматыда қызды аяусыз ұрып-соғып, видеоға түсіріп таратқан
- Президент Қытайда: «Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші AgriTech хабы ретінде дамытамыз»
- «Семей орманы» аумағындағы алапат өртті сөндіруге авиация тартылды
- 200 миллиард теңгенің темекі контрабандасын шетелден кіргізбекші болғандар ұсталды
- Түрмедегі салық: Оралдағы колонияда қылмыстық топ құрып алған
- ӘЧ-2026: Матчтан кейінгі саяси дау — «Фолкленд аралдары – Аргентинаға тиесілі»
- «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің екінші айналымына өтті
- Шомылу маусымы басталғалы 69 бала суға кетіп қайтыс болды
- Иран Американың Кувейт пен Иорданиядағы әскери нысандарына жаңа соққы жасады
- Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасының шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды
- Қазақстанда миллион теңгеден асатын жалақыны кімдер алады?
- Еліміздің ірі үш қаласында ауа температурасы +48 градусқа дейін ысиды
- Президент тапсырмасы: «Алматы – Қаскелең» жолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
- Екі аптада 33 мың жедел жәрдем: Алматылықтар аптап ыстықпен қалай күреседі?
- Стамбұл соты Биньямин Нетаньяхуды қамауға алуға халықаралық ордер шығарды
- Ақтөбеде кісі өлтіріп, денесін қоқыс алаңына тастаған адам 14 жылға сотталды
- Бюджетке 730 миллиард теңге салық неге түспеген?