Полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолданғандар қалай жазаланды?
Фото: ІІМ
ІІМ полицияға қарсылық көрсетіп, бағынбау әрекеттері үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады, деп хабарлайды Orda.kz.
Полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолданғандар тиісті жазаларын алған.
«2024 жылдың қорытындысына сәйкес осындай 271 дерек тіркелді. Оның 127-сі мас кезде, 87-сі бұрын сотталғандарға қатысты және 19-ы топ болып жасалған», - деді ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары Алтынбек Шүйіншәлиев.
Полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолданып, заңсыз әрекет жасаған 225 азамат сотталған. Мысалы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұрғыны бес жылға бас бостандығынан айырылды. Жұбайымен жанжалдасқан ер адам екі учаскелік полиция инспекторына пышақ ала жүгіріп, оларды жарақаттаған.
Ақтөбе облысының Қандыағаш станциясында да осындай жағдай болды. «Астана – Атырау» бағытындағы пойыз жолаушысы ішімдік ішіп, патрульдік қызмет инспекторларына физикалық қарсылық көрсеткен. Денсаулыққа зиян келтіргені үшін ер адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық