Полиция қызметкерлері заңсыз қару сақтау күдігімен ұстады

cover

Орал қаласында полиция қызметкерлері 35 жастағы ер адамды заңсыз қару сақтау және алып жүру күдігімен ұстады. Одан калибрі кіші винтовка тәркіленді, деп хабарлады Orda.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті бұрын Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде (ҚАЖД) қызмет атқарған. 

Алайда, биылғы шілде айында ол теріс себептермен жұмыстан босатылған. Жұмыстан босатылғандығына қатысты егжей-тегжейлі ақпарат жарияланбады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар